"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Алтын тұғыр» аудандық олимпиадасындағы ұстаздарымыздың жетістігі!

29.10.2026

Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Оспанова Любовь Владимировна мен Одинаева Хосият Юсуфовна бастауыш сынып педагогтері арасында өткен «Алтын тұғыр» аудандық математикалық олимпиадасына қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Оспанова Любовь Владимировна жүлделі III орынға ие болып, өзінің математикалық білімін, кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті!

 Любовь Владимировнаны жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ Хосият Юсуфовнаға олимпиадаға белсенді қатысқаны, кәсіби дамуға ұмтылысы және педагогикалық шеберлігін жетілдіруге деген ынтасы үшін алғыс білдіреміз.

Ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, кәсіби қызметтерінде жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Просмотров: 9


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст